Мақат кен орнының 110 жылдығына арналған футбол лигасы мәресіне жетті

суреттер автордікі
(0 Votes)

Кеше орталық стадионында «Мақат футбол лигасы – 2025» облыстық ашық біріншілігінің жабылу салтанаты өтті. Айтулы спорттық шара Мақат кен орнының 110 жылдығына орай аудан әкімдігі мен «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткізілді. 

Салтанатты жиында алғашқы сөз кезегі аудан әкімі Азамат Саматұлы Мәмбетовке берілді. Аудан әкімі өз сөзінде біріншілікке белсене қатысқан барлық командаларға алғыс білдіріп, спорттың бірлік пен ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

Жиында бір ай бойы ойындарға әділ төрелік еткен қазылар алқасы аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Одан соң жарыс үздіктері анықталып, әр номинация иегерлеріне құрмет көрсетілді.

Атап айтқанда «Үздік шабуылшы» атағын Нұрлыбек Аққойшиев («Локомотив»), «Үздік қақпашы» атағын Нұрхан Байрқасов («Бахтияр»), «Үздік легионер» атағын Айбар Нұрбеков («Қуандық»), «Үздік бапкер» атағын Дастан Жанжігітов («Сағыз»), «Үздік ардагер ойыншы» атағын Орынбек Бигазиев («Доссор-2»), «Көрермен көзайымы» атағын Эльдар Борисов («Доссор-1»), «Жыл жаңалығы» атағын Сұлтан Оңайғали («Индер»), «Үздік сұрмерген» атағын Еркебұлан Бейбітұлы («Әлихан»), «Үздік ойыншы» атағын Нұрсұлтан Мадиев («Ембімұнайгаз), «Үздік қорғаушы» атағын Манат Мақсұтов («Еркін») иеленді.Келесі кезекте көпті күттірген сәт те келіп жетті. Біріншіліктің үздіктерін аудан әкімі Азамат Саматұлы мен Ембімұнайгаз» АҚ өкілдері мен Атырау футбол федерациясының вице-президенті Эдуард Ғаббасұлы марапаттады.

Бір айға созылған біріншілік нәтижесі бойынша жүлделі III орынды «Алихан» командасы («Мақат»), II орынды «Бахтияр» командасы («Мақат») жеңіп алды.

Ал футбол лигасында жүлделі I орынды қанжығасына байлаған «Ембімұнайгаз» командасы («Доссор») чемпион атанды. Жеңімпаздар арнайы кубокпен және қомақты көлемде қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Спорттық шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Бір айға созылған бұл біріншілік аудан халқы үшін есте қаларлық оқиғаға айналды.

Ж.Қамза

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT