Ұлық мерекеде ұлттық спорт ұлықталды

(0 Votes)

 Бүгін орталық алаңда мұсылмандардың ерекше мейрамдарының бірі Құрбан айт мерекесіне орай спорттық шара өтті.

 Жиынның ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Мәмбетов жиналған көпшілікті ұлық мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан кейін аудандық орталық мешіттің бас имамы Біләл Сағындықов барша мұсылман қауымын айтпен құттықтап, бұл мерекенің мәнісі мен қасиетін түсіндірді.

Әрі қарай ұлттық спорт ойындары өтіп, жарысқа қатысушылар алдымен қазақша күрес және қол күресі бойынша сайысқа түсті.

Сондай-ақ, қатысушылар қой көтеру мен гір тасын көтеру ойындары және командалық арқан тартыс бойынша да өз өнерлерін ортаға салды.

Ұлық мерекеде аудан көркемөнерпаздары концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды.

Шара соңында аудан әкімі Азамат Мәмбетов бүгінгі жарысқа қатысушы жеңімпаздарды марапаттап, аудан әкімінің арнайы алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтарын табыстады.

Г.Жұбанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT