Ұлттық спорттан үздік атанды

(0 Votes)

Аудандық спорт бөлімінен өткен жылдың қортындысы бойынша тағы бір жағымды жаңалық келіп жетті. Атырау облыстық «Ұлттық спорт түрлері» Федерациясы Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен алғаш рет «Алтын тұғыр. Атырау-2021» ұлттық спорт түрлерінің үздіктерін марапаттау рәсімі өткен болатын.


Аталмыш шарада Мақат ауданы ұлттық спорт түрлерінен "Үздік аудан" номициасына ұсынылған үш ауданның қатарына енді. Бұған себеп те жоқ емес еді. Өткен 2021 жылы төрт жылда бір рет болатын "Ақбидай" ауыл спорты ойындарында ұлттық спорт түрлері бойынша ауданымыз біраз жетістікке жеткен болатын. Естеріңізде болса, жаурынды жігіттеріміз аударыспақтан бірінші орын, теңге ілуден екінші орын, сондай-ақ жамбы атудан үшінші орын иеленген болатын. Және де теңге алу спорт түрінен республикадан үшінші орын алған облыс құрамасының сапында да Исламбек Сағидоллаұлы сынды жерлесіміз өнер көрсеткен еді.


Аударыспақтан 90 келі салмақта республикаға жолдама алып тәжірибесін толықтырғандардың қатарында Мейрамбек Қарлданов та бар. Ал, асық ату мен бес асықтан бағындарған белестер өз алдына бөлек әңгіме. Оқушыларымыз да ересектер құрамасы да облыстан бірнеше мәрте бірінші орын алып, республикалық турнирлерде төбе көрсетіп жүр.


"Жалпы ат спортынан алғаш рет дәл осындай жетістіктерге жетіп тұрмыз. Бұл біздің аудан үшін үлкен жетістік",-дейді аталмыш бөлімнің бас маманы Н.Исполов.


А.САДЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT