Латын қарпін маңдайшаға ілді

(0 Votes)

 Қазақ қаріпін жаңғыртып, латын әліпбиіне көшетін күн де алыс емес. Қазіргі таңда елімізде латынға көшу даярлығы белсенді жүзеге асып жатырғанын естіп әрі көріп жүрміз.

Бүгінде ауданымызда да мемлекеттік ғимараттардан бөлек кәсіптік мекемелер де атаулары жазылған маңдайшаларын жаппай латын қарпіне ауыстырып жатыр. Көше атауларын айтпағанда, тіл саясатын түсінген сауда үйлері, басқа да халыққа қызмет көрсету нысандарының иелері атауларын латын қарпімен жаза бастаған. Бүгінгі күні аудандағы әкімдік ғимараттарына жаңа әліпби бойынша жазылған тақтайшалар ілінді. Бұл бастама аймақтағы барлық мемлекеттік мекемелерде де жалғасын тапты. Сөзімізге дәлел ретінде аталған нысандарды суретімен жариялауды жөн көрдік. Мекеме атауын латын графикасымен жазуды бастап кеткендердің бірі - "Bilim Land" халыққа қызмет көрсету нысаны.

sabyr

Бүгінде бірқатар мектептер де жаңа қаріпті қолдана бастаған. Мысалы осы жылы күрделі жөндеуден өткен Доссор кентіндегі мектеп-интернаты ғимаратынан "Sabyr Sharipov atyndaǵy Dossor mektep internaty" дегенді оқуға болады. Сондай-ақ, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ғимараты маңдайына "Sport-densaýlyq kepili" ұранын қондырыпты.

sport

С.Әлиев көшесінде орналасқан "Dana" aralas dúkeni,  "Ámına" qurylys materıaldary,  "Qazyna" мейрамханасы, Доссор кентіндегі  "Aı-ary" кафесі де латын қарпін енгізуге үлес қосушылардың қатарында. Осылайша мұнайлы өңір Елбасы Н.Назарбаевтың  қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлығын нақты іске асыруға кірісіп кетті.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT