Жүк астына жұмыла кету ұлттық болмысымымыздың бөлінбес бөлшегіне айналған амал. "Қара алтынның қара шаңырағы" атанған ауданымыздың орталығы - Мақат кентінің ажары - әр тұрғынның жауапкершілігінде.
Өткен айдың соңғы күндерінен бастау алған "Жастар көрікті Мақат кенті үшін" акциясы да осы ойдың төңірегінде жүзеге асқан шара. Кент әкімдігі мұрындық болған акцияға Аудандық жастар ресурстық орталығы, мектеп мұғалімдері, Мақат локомотив пайдалану депосы қызметкерлері білек түріп бірлесе қатынасты.
Осылайша, С.Мұқашев көшесі, №8 үйдің сырты сырланып басты көшелеріміздің бірі жаңаша түрлене түсті. Тұрағының сырт келбеті жаңарып қалғанына тұрғындар да дән риза.
А.САДЫКОВ