Ауданда Алғыс айту күніне орай шара өтті

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай аудандағы өзге ұлт өкілдеріне арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполов пен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин қатысушыларды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, қоғамның әр саласында жемісті еңбек етіп, ауданның дамуына өз үлестерін қосып жүрген өзге ұлт өкілдеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, оларға аудан әкімінің атынан арнайы алғыс хат пен гүл шоқтарын тарту етті.

Одан кейін, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын тілге тиек етіп, өз тілегін жаудырды.

«Қиын-қыстау кезде түрлі ұлт өкілдері Қазақстанға жер аударуға мәжбүр болды. Біздің кең пейіл қазақ баспанасыз келген азаматтарды өгейсінбей, бауырына басты. Әлі де сол бауырмалдылықты сақтап, елімізде тату-тәтті күн кешіп жатырмыз. Сондықтан, алғыс айту күні қазақ ұлты үшін де, өзге ұлт үшінде өте маңызды мереке», - деді ардагер өз сөзінде.

Дастархан басына жиналған қонақтарда өз ризашылықтарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Өзге ұлт өкілдері өздеріне төрін ұсынған, қазақ халқының бауырмалдығын ешқашан ұмытуға болмайтындығын айтып, алғыс айту ерекше күн екендігін жеткізді. Жиын соңында естелік суретке түсіп, қонақтар мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT