Көрме ұлттық мерекеге арналды

(0 Votes)

Республика күнін мерекелеу қарсаңында №3 Доссор және №4 Доссор балалар кітапханаларыңда оқушыларға арналған "Ана тілім, жасай бер қазақ тілім" атты поэзия кеші өтті.

Шараға С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының оқушылары және тәрбиешілері С.Жоланова, А.Рахметова, Ә.Нұрахметова қатысты. Шарада аталмыш мектеп оқушылары Шапағат Әбдрахман, Әсем Ықпалбай, Самал Жұмабай, Санжар Оңғарбай, Думан Қайыржанұлы, Орынбек Орынғали, Ақылбек Қосшы тілге арналған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып берсе, Сағызбай Бекет "Ана тілі" және "Атамекен" әндерін нақышына келтіріп шырқады. Әсерлі өткен кеш соңында ұйымдастырушылар оқушыларға алғыс білдіріп, естелікке кітап тарту етті.

Сондай-ақ, Ұлттық мерекеге арналған №6 Мақат кітапханасында "Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар" атты көрме ұйымдастырылып, оқырмандарға насихатталды. Көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш екенін көрсетіп, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол екенін оқырмандарға насихаттауды  мақсат етті. Көрмені тамашалауға келген оқырмандарға кітапханашылар таныстыру жұмыстарын жүргізіп, жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, ұлтжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдарламаның маңызы зор екенін жеткізді.

 

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT