Көлігі балшыққа батқан тұрғындар құтқарылды

(0 Votes)
Көлігі балшыққа батқан тұрғындар құтқарылды
ТЖБ жеке фото жинақ қорынан алынды

1 желтоқсан күні 22 сағат 26 минутта №8 Өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне далалық жерде «Нива» автокөлігінің батып қалғаны жөнінде хабарлама түседі. 

Тұрғын Мақат кентінен шамамен 30 шақырым қашықтықтағы «АГРЭС 730 шықырым» деген далалық жерде Төртқұдық учаскесіне қарай 1 желтоқсан күні сағат 15:00 шамасында мал іздеуге шығып, балшыққа батып қалған.

Авариялық-құтқару жұмыстарына №8 Өрт сөндіру бөлімінің «УАЗ Патриот» автокөлігімен 3 құтқарушы жұлдырылды. Нәтижесінде «Нива» автокөлігінен әкесі 1961 ж.т. М.А және баласы 1983 ж.т. Қ.А Мақат кентіне эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың жағдайлары жақсы, медициналық көмекті қажет еткен жоқ.

М.ҚҰРБАНОВ,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау сержанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521