Ауданда «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы басталады

Ауданда «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы басталады
фото: den-der.kz
(0 Votes)

Аудан аумағында 7-10 желтоқсан күндері аралығында мал ұрлығын ескерту, алдын-алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шара аясында учаскелік полиция инспекторлары және криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындармен мал ұрлығының алдын алу бойынша әңгімелесу жұмыстары сондай-ақ мал ұрлығын жасайтын адамдар мен қылмыстық топтар туралы ақпаратты жинау, малды сою және ет өнімдерін сату орындарын, сондай-ақ даярлаушыларды, қайтып сатып алушыларды және сатушыларды анықтау мақсатында, аудан аумағында ет қабылдау стансалары, мал базарлар мен мал сою алаңдары, ет сататын дүкендер, сауда орындары, базарларға локальды тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, күнделікті республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тартылған жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен құжаттарсыз (ветеринариялық паспорттарсыз, ветеринариялық анықтамаларсыз, ветеринариялық сертификаттарсыз және т.б.) малды және ет өнімдерін тасымалдау фактілері тексеріледі.

Мақат аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT