Бүгінгідей қарбалас кезінде бір-бірімізге қолдау білдіру зор маңызға ие.
Әсіресе, қарапайым медициналық масканың өзіне тапшылық туындап тұрған қиын-қыстау сәтте жасаған әр жақсылықтың өлшемі сөзбен бағамдаусыз. Бұл ретте игі шараларға ұйытқы болып жүретін халық қалаулылары да қарап қалып жатқан жоқ.
Аудандық мәслихат депутаттары 15-ші шілде күні Мақат аудандық орталық ауруханасына табан тіреді. Аудан көлеміндегі ахуалды жіті бақылап отырған жандар ауруды ауыздықтап отырған ұжымға құр алақан келмеді. Олар "Tyvek" бір реттік қорғаныс комбинезонының 150 данасын сыйға тартты. Халық қалаулыларының бұл сыйлығы ел игілігіне өз пайдасын тигізері сөзсіз.
А.САДЫКОВ