Кент іші гүлге оранды

(0 Votes)

Құрғақ климатты сипатқа ие ауданымыздың топырағы да егіншілікке жарамсыз, сортаңды, бозғылт деп бедерленген баспа беттерінде. Бар байлығын бауырына басып жатқан  қадірлі мекеннің құнары тек қойнауында деген ұғымның  ескірер кезі келгендей.

Әсемдік атаулының әлемдік кеңістіктегі теңеуі жайнаған гүлдер мен жасыл желек екені жасырын емес. Бұл ретте, тұрғындарымыздың салауатты ғұмыр кешуі үшін елді мекендерде үнемі тазалық жұмыстары жүргізіліп, айналаны көгалдандыру қоғам алдындағы үлкен міндет ретінде қойылған болатын.

img_0306

Мақат кентінде көгалдандыру бағытында ағымдағы жыл көптеген шаралар жасалды. Айталық, С.Мұқашев көшесі, Орталық алаң, Алаш көшесі мен Вокзал маңы және “Туған жер” саябағына көшеттер мен қызылды-жасылды көз тартар әсем гүлдер егілді. Үйеңкінің 14 данасы, шағанның 27, вязь ағашынан-200, барлығы-241 дана тал отырғызылып,  1800 м2 (петуния және барқыт ) әр түрлі гүлдер егілді. Орталық көшедегі вазондарға да гүлдер егіліп, кент көркін аша түсуде.

А.САДЫКОВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521