Кәсіпкерлік саласының дамуына серпін берді

(0 Votes)

Қыркүйек айының алғашқы күні мемлекет үшін маңызды оқиға елді елең еткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауы бизнес өкілдері үшін тосын, әрі жағымды жаңалықтарға толы болды.

Президент өз Жолдауында көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тоқталды. Індет кезінде зардап шеккен шағын және бизнеске қолдау шараларын арттыру туралы тапсырмаларын кәсіпкерлер жылы қабыл алды.   

«Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға және кәсіпкерлерге ауқымды әрі жедел қолдау көрсетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оны жүзеге асыру барысында 3,5 мыңнан астам жоба іске қосылды. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің жалпы құны 3,5 триллон теңге болды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66 мың жоба мемлекет тарпынан қолдау тапты. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізді»,- деді Президент.


Сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылдағанын атап өтті.
Жолдауды тыңдап, оқып мемлекет қандай жағдайға қарамастан өзінің оң саясатын жалғастыра беретініне анық көз жеткіздік. Бұл тұрғыда Президент микро және шағын кәсіпкерліктің еңбекақы төлеу қорынан алынатын біріңғай төлем көлемін 34 пайыздан 25 пайызға дейін төмендетуді ұсынды. Бұл бизнесің мыңдаған қызметкерін «көлеңкелі айналымнан» шығаруға, зейнетақы, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелерінің толық қатысушысы болуына ықпал ететіні сөзсіз.


Айта кетейік, бүгінде «Бастау Бизнес» жобасының түлектері бизнесті дамытуға жылдық 6%-бен несие ала алады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен қаржыландыру ұйымдары барлық өңірде ашылып, ӨКП мамандары «Бастау Бизнес» түлектерінің жобаларын қаржыландыруға республика ауқымында 22,5 млрд теңге бөлінді. "Бастау Бизнес" жобасына қатысып, сертификат алған азаматтар мемлекеттік қолдау арқылы 6 пайызбен 5 жылға дейін несие ала алады. 2021 жылғы несиелердің ең үлкен мөлшері ауылдар мен шағын қалалар – 7,2 млн теңге болса, қалалар мен моноқалаларда – 18,9 млн теңгеге тең.
Бұл кәсіпкерлік бағыт бойынша білім алған жандарға шынайы қолдау деген сөз. Ендеше мемелекет ұсынған қолдау арқылы, Президентіміз алға қойған міндеттерді бірлесіп жүзеге асырайық!


Г.ЕДІГЕЕВА,
Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521