Күре жол күрделі жөнделуде

(0 Votes)

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: жол – экономикалық дамудың күре тамыры екендігін атап көрсеткен болатын.

Бүгінгі бəсекеге құрылған нарық заманында да жолдың маңызы ерекше. Шын мәнінде «Жол - өмірдің өзегі, бақуатты тірлігіміздің - қайнар көзі» саналатындықтан, Елбасы жолдардың сапасын көтеруді, оның бойындағы логистикалық қызметтерді дамытуды үнемі тапсырып келеді.

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бақылау комиссиясы құрамы Мақат-Доссор аралығындағы 17 шақырымды жол құрылысымен танысып қайтты. Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау, Ресей Федерациясы шекарасы Астрахань бағытындағы автомобиль жолдарын қайта жөндеу» жобасы бойынша еліміздегі Инвестициялар және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің тапсырысымен «Ақтөбе - Мақат» автокөлік жолының 487-504 шақырымын жөндеу жоспарланған. Биыл сәуір айында айналма жол құрылысының алғашқы сатысы басталып, қазіргі кезде жердің негізгі қабаты бойынша жолды кеңейту жұмыстарының 70 пайызы, жердің үстіңді қабатын нығыздаудың 63 пайыз жұмысы аяқталған.

Жоба толықтай 2019 жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде.

Жол құрылысын жауапкершілігіне алған мердігер компания «Ант Иншаат Маден Санайи А.Ш.» АҚ автомобиль жолдарын қайта жөндеу жобасы бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі таңда толық іске қосылған өндірістік базада 224 адам жұмыс жасайды. Оның 22-сі инженер мамандар, 90 -ы жол жөндеу жұмысына тартылғандар, 112-сі көлік жүргізушілері, оператор т.б. Жалпы, жұмыскерлер санының 70 пайызы ауданымыздың жергілікті тұрғындары. Жол құрылысын жүргізу үшін алдымен өндірістік базада 120 орындық жатахана және 60 орындық асхана құрылысы жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Наурыз айында Асфальтбетон зауыты Украинадан жеткізіліп, монтаж жұмыстары аяқталып, іске қосылды. Зауыт қуаттылығы күніне 140 тонна асфальт шығарады. Жақында яғни, шілденің 23 күні ең алғашқы өнімін берген екен. Айналма жол 3 саты бойынша 4,192 шақырым, 2 саты бойынша 6,832 шақырым, 1 саты бойынша 4,6 шақырымында құрылыс жұмысы толық аяқталған.

Күре жолды күрделі жөндеуден өткізу құрылысы жоба бойынша негізгі қабатты қоспағанда 5 қабаттан, яғни малта тасты құмды қоспадан тұратын төсеме қабат, қиыршық тасты құмды қоспа С4, кеуектілігі жоғары ыстық асфальтбетон, кеуекті ыстық асфальтбетон, қиыршық тасты мастикалық асфальтбетон қабаттарынан тұрады. Сонымен қатар, төсеме қабат - 4,7 шақырымға, қиыршық тасты құмды қоспа С4 - 4,2 шақырымға, кеуекті ыстық асфальтбетон – 0,5 шақырымға төселген. Бұл жұмыстардың сапалы жүргізілуіне 114 бірлік ауыр техника жұмылдырылған.

Жол сапасын қадағалайтын мердігердің аттестатталған зертханасы бар. Жолға төселетін әрбір материалдың сапасы, жұмыстың мемлекеттік стандарт бойынша салынуы арнайы зертханада қадағаланып отырады. Мердігер компания «Ант Иншаат Маден Санайи А.Ш.» АҚ техникалық байқау бекетінің бастығы Әділбек Мурзағалиев айтуынша ағымдағы жылдың қазан айында қиыршық тасты мастикалық асфальтбетон қабатына дейінгі жұмыстарды толықтай 100 пайыз бітіруді жоспарлап отыр.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521