Ескі ғимарат қайта қалпына келтірілмек

(0 Votes)

Адуынды ауру айылын жиып, қауіптің беті бері қарап жатыр. Десе де айтып келмейтін ауру еліміздің өзге өңірлерінде әлі де болса сейілмей тұр. Аудан да енді қайтып індеттің өршімеуі үшін жергілікті билік тиісті жұмыстарды атқаруда.

Соның бірі Мақат кентінің орталығында біраз жылдан бері қаңырап бос тұрған жұқпалы аурулар ауруханасының ғимаратын қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар әзірленуде.

Кенттің кейпін кетіріп, сиқын бұзып тұрған ескі ғимаратты қайта инфекциялық ауруханаға айналдыру үшін шешім қабылданып отыр.

5f5622a2-faa4-4cbc-b340-b230a6902101

Бұрын бұл ғимарат білім беру бөлімінің теңгеріміне беріліп, балабақша ретінде пайдалануға көзделгенімен жоспар жүзеге аспаған. Енді аудан әкімі Шәкір Кейкінұлының тапсырмасымен теңгерім білім беру бөлімінен алынып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне берілді.

Жауапты мамандарға алдағы жылға ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақтауға тапсырма жүктеліп отыр.

Жобаға сәйкес, ғимараттың ішкі бөлмелері қайта салынып, есік-терезелері орнатылып, маңайы қоршалып, абаттандырылмақ.

b6b3f84e-097b-4ca4-9d7b-820d4f2df4f3

«Бұл істі аудандық орталық аурухананың басшылары да қолдап отыр. Өйткені әлемде өршіген пандемия ауданға жұқпалы аурулар ауруханасының керек екенін дәлелдеп берді. Осы орайда мемлекеттен қыруар қаржы бөлініп, жер-жерге инфекциялық ауруханалар салынуда. Ал, біз бар дүниемізді іске асыруға шешім қабылдап отырмыз. Қалпына келтіру жұмыстарын ақылдасқан түрде жалғастыратын боламыз. Арнайы мамандарды да ауданға тарту үшін жұмыстанамыз»,- деді аудан әкімі Шәкір Кейкин.

Айтса атқандай, індет өршіп тұрған уақытта науқастарды оқшауландыру және емдеу үшін қонақ үй және мектеп жатақханасына жатқызылған болатын. Міне, осыдан ауданға жұқпалы аурулар ауруханасының керек екенін айқын аңғаруға болады.

deb6b82d-a5aa-4157-b320-385b217bb5cd

Дегенмен бұл ғимаратқа көңіл бөлінбей қалғандығы салдарынан аудан тұрғындары тарапынан есік-терезелерін сындыру, бүлдіру фактілері орын алып отыр.

Аудан басшысы бүгінгі күннен бастап қалған дүниені сақтап, кәдеге жарату үшін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Айдос Айжарықовқа үш адамды күзетшілікке жұмысқа алуға тапсырды.

Алдағы уақытта ескі ғимарат жаңаша түрге еніп, науқастарға қызмет көрсететін жайлы орынға айналады деп сенеміз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА 
Суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT