Ескене мен Таскескен ауылдарының халқы қалаға көшіріледі

(0 Votes)

Бұл туралы облыс әкімі Серік Шапкенов Бәйгетөбе ауылының халқымен кездесуінде айтып тұрғындарды бір қуантып қойды. 

«Кезінде «NCOC» компаниясымен осы елді мекендерді көшіру бойынша келісім болған. Қазір жұмыстар басталып, жүріп жатыр. Компания басшылығы көшіру жұмыстарына дайын екендіктерін айтты. Енді олар қазір өздерінің келісім жұмыстарын жүргізуде. Осы жерде «қайда көшіреміз?» деген сұрақ туындайды. Тұрғындар ауданға көшкісі келмейді. Көпшілігі қалаға көшуге ұсыныс білдіріпті. Қазір қаладағы Талғайран шағын ауданында тұрғын үй құрылыстары жүріп жатыр. 24 үй салып қойғанбыз, бірақ әлі ол жердің инфраструктурасы дайын болмауына байланысты бере алмай отырмыз. Биыл инфраструктурасын жүргізіп алсақ, Талғайранның бойынан жер бөліп, осы елді мекендерді сол жерге көшіруге жұмыстанатын боламыз»,- деді аймақ басшысы.

Таскескен елді мекенінің тұрғыны Есенжан Тұрланов сол жерде құрылысы жүріп жатқан зауыттан шығатын иіс қолқаны қабатынын, тіпті дем алу қиындап бара жатқанын ашына айтты. Сондықтан көшіру жұмыстарын жеделдетіп, биылдан қалдырмауға қолқа салды.

Айта кетейік, бүгінде Ескенеде – 50-ге тарта, ал Таскескенде – 10-ға жуық үй бар.

М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT