Балалар кітапханасында поэзия кеші өтті

(0 Votes)

Аудандық балалар кітапханасының Коворкинг орталығында көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі М.Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мағжан мұрасы мәңгілік» атты поэзия кеші өткізілді.

Іс-шара балаларға Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына екенін түсіндіру және ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын таныстыруды мақсат етті.

Шараға Х.Санбаев атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушылары, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің 9 сынып оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапханашы Ақманет Елжарқызы мен Гүлжазира Қалмұқанқызы тақырыпты ашып, егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға – ол жастар екенін ескертіп, ақынның «Мен жастарға сенемін» өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артылғанын түсіндіріп өтті. Қатысушылар танымал қазақтың ұлы жазушысы М.Жұмабаевтың өмірінен терең сыр шертіп және ғұмыр жолындағы әртүрлі айтуға тұрарлық ақпараттармен танысты. Шығармаларына шолу жасалып, ойшыл ақынның поэзиясынан үзінділер оқылып, бірсыпыра өлеңін оқырмандар жатқа айтып берді. Мағжан атамыздың есіміне байланысты сөзжұмбақ құрастырылып, бейнеролик көрсетілді. Аталмыш іс-шара соңында қатысушы оқырмандарымыз күмбірлеген күй мен әсем ән және мың бұралған би мен өз өнерлерін ортаға салды.

Шара соңында ақын шығармашылығына арналған «Сәулесі мәңгі сөнбес жұлдыз» атты кітап көрмесі ұсынылып, шараға қатысқан оқырмандарға кітапхана ұжымының атынан алғыс хат, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Б.ӘМІРОВА,

аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521