Ауыл шаруашылығы – еліміздің экономикасындағы басты салалардың бірі әрі халықтың азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі болып табылады. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында осы саланы дамытуға ерекше көңіл бөліп, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Бұл бағыттағы реформалар мен жобалар еліміздің тұрақты дамуына үлкен серпін берері сөзсіз.
Сондай-ақ Президент ауыл шаруашылығын цифрландыру, аграрлық ғылымды дамыту және ветеринарияны күшейту мәселелеріне баса назар аударды. Бұл шаралар өнім сапасын арттырып, өндірісті тиімдірек етуге бағытталған. Иә, ауыл шаруашылығын өркендету ұзақ мерзімді стратегиялық мақсат, оған мемлекет пен халық бірлесе атсалысуы қажет.
Қ.Омаров,
ардагер