Жаңа Құрылыс кодексі – халық игілігі үшін

Жаңа Құрылыс кодексі – халық игілігі үшін
фото: ашық дереккөз
(0 Votes)

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған маңызды міндеттермен үндес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің тұрақты дамуы үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, экологиялық және санитарлық-гигиеналық талаптарды күшейту қажеттігін ерекше атап өткен болатын.

Су тапшылығы қазірдің өзінде еліміздің барлық аймақтарында сезілуде. Сондықтан су ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын құру – дер кезінде қолға алынған қадам. Ол суды әділ бөлуге, ысырапты азайтуға және ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа Құрылыс кодексінің қабылдануы да аса маңызды. Құрылыс саласы экологиялық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына тікелей әсер етеді. Жаңа құжаттың арқасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы жүйелі дамып, тұрғындардың өмір сапасы артады.

 

Сәбит Халенов,

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT