Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ел дамуының маңызды бағыттарына ерекше тоқталды. Президенттің: «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы тиіс» деген сөзі – қазіргі заманның басты қағидаты.
Қазіргі таңда жасанды интеллект пен жаңа технологиялар әлемдік өркениеттің дамуына тың серпін беріп отыр. Осы үдерістен шет қалмау үшін еліміз ең алдымен заманауи инфрақұрылымды нығайтып, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруы қажет.
Бұл – тек уақытша шара емес, Қазақстанның болашақтағы жаһандық бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын стратегиялық міндет.