Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Қарасора-2025» және “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан 28 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын ұстады.
Күдіктінің мекен-жайын тінту кезінде өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді заты салынған бірнеше зип пакеттер және күдіктінің көрсетуімен қала аумағында 105 түйіншек және 3 дана үлкен зип пакеттер тәркіленді.
Алынған заттар 148,75 грамм «Альфа-PVP» және 80 грамм «Мефедрон» синтетикалық есірткі екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.