Атырауда мұнай-газ химиясындағы жергілікті қамтуды дамыту мәселесі талқыланды

Атырауда мұнай-газ химиясындағы жергілікті қамтуды дамыту мәселесі талқыланды
(0 Votes)

Атырауда жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы аясында қазақстандық қамтуды дамытуға арналған «Жергілікті құндылық – ортақ даму» форумы өтті. Іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов және 500-ден астам отандық компания өкілдері қатысты.

«Силлено» ЖШС, Tecnimont (MAIRE) және Sinopec Shanghai Engineering Corporation (SSEC) ұйымдастырған форумның ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев өңірдегі ірі жобалардың маңыздылығына тоқталды.

– «Силлено» полиэтилен зауыты – өңір экономикасына жаңа серпін беретін жоба. Ол жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады. Жергілікті қамтуды дамыту – біз үшін басты басымдықтардың бірі, – деді ол.

Форум аясында «Силлено» компаниясының Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталыққа қосылуы туралы келісімге қол қойылды. Бұл қадам қазақстандық қамтуды нығайтып, отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.

Сонымен қатар EPC-мердігерлердің бірі – италиялық Tecnimont компаниясы қазақстандық түлектерге арналған арнайы білім беру бағдарламасын іске қосатынын хабарлады. Жоба аясында төрт жыл ішінде үміткерлер техникалық оқудан өтеді, ал үздіктері Атыраудағы зауытта жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT