Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен кезекті дезинфекция жұмыстары халық көп шоғырланатын жерлерде жалғасты.
Бүгінгі таңда карантинге байланысты көптеген жастар жұмысын қашықтан жасап жатырса, енді бірінің қолы уақытша бос.
Осы орайда "бізде қарап қалмайық, сақтық шараларына атсалысайық",- деген олардың бұл ойын осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Оксана Жаңбырбайқызы қолдап аудандық ішкі саясат пен мәдениет бөліміне жүктеді. Жақсылықта жарыса кететін жастар ресурстық орталығы да қарап қалмай белсенді волонтёрлары ерте шықты.
Шағын ғана бастама болғанымен "Барыс" базарының маңы, такси тұрағы, Қазпошта бөлімшесі, Халық банкінің банкоматтары орнатылған тұстары секілді халық мейілінше көп шоғырланатын жерлерге дезинфекция жұмыстары жүрді. Жастардың бұндай бастамалары басшылық қызметкерлерін ғана емес халықты да қуантары анық.
САДЫКОВ