Білім саласында бәсекелестікті арттыру керек

(0 Votes)

Еліміз кешегі өткен саяси науқанда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады.

Себебі , халық – мемлекеттің ең басты қазынасы болғандықтан, елдіміздің өркендеуі жолында оң өзгерістерді талап етеді.  Халықтың таңдауы мен сенімінің арқасында Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 % дауыс жинап, жеңіске жетті.

Бұл тарихи сәттің оң өзгерістер әкелеріне сеніміміз мол және одан үлкен үміт күтеміз. Өйткені, ел Президенті өз Жолдауында бірқатар мәселелерді көтеріп, тоқталған болатын. Соның ішінде білім беру жүйесі ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқаратындығын және Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екендігін айтты. Осы мақсатта біз ұстаздар қауымы өзімізге жүктелген жоғары міндетті жауапкершілікпен атқаруға тырысамыз. Ол үшін білім беру мекемелерінің арасында бәсекелестікті арттырып, өз біліктілігімізді шыңдай түсуіміз қажет. Ал, бұл сапалы білім беруде оң әсерін тигізері сөзсіз.

Бақытгүл Тиышбаева,

Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің директоры

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521