Еңбекке құрмет - елге мерей

Еңбекке құрмет - елге мерей
(0 Votes)

Бүгін «Бақ- Ырыс» мейрамханасында  «Еңбек күні» және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мерекелік шара ұйымдастырылды.

Мерекелік шара  мұнай өндірісінің тарихын бейнелейтін би қойылымымен бастау алды.

Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы еңбек адамын қадірлеудің қоғам дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, мұнайлы мекеннің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жүрген өндірістік сала мамандарына алғыс білдірді.

Шара барысында еңбек адамын ардақтап, түрлі сала мамандарының жетістігі насихатталды. Сондай-ақ, республикалық және облыстық деңгейдегі «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік жиын соңында аудандық мансап орталығы филиалының директоры Айбол Бағытов еңбек нарығында жастарға қолдау көрсетудің өзектілігін айтты.

Кеш аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Ж.Қамза

Суреттер автордікі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT