Аудан әкімі Азамат Мәмбетовтің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру тетіктерін талқылау кеңесі өтті.
Кеңеске кент, округ әкімдері, ауданға қарасты мекеме басшылары мен мамандары, қоғамдық кеңес мүшелері және аудан ардагерлері, мәслихат депутаттары қатысты.
Жиын барысында аудан әкімі Азамат Мәмбетов Президент Жолдауының маңыздылығына тоқталып өтіп, ұсыныс-пікірге кезек берді.
Алғаш болып сөз сөйлеген медицина саласының ардагері Ахметжан Жұмағалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов және білім саласының ардагері Роза Үмбетова Жолдауда көтерілген мәселелерге, әсіресе адам капиталының дамуына ерекше назар аударды.
Кеңесте аудан әкімі Азамат Саматұлы Жолдауда айтылған 7 негізгі бағыт бойынша жекелей тоқталып, ол міндеттерді аудан көлемінде жүзеге асыру жөніндегі жоспарлармен бөлісті.
Аудан әкімі аталған жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету керектігін айтып, бұл бағыттағы бақылаудың күшейтілетінін жеткізді.
Сондай-ақ барша мекеме мен ұйымдарды бірлесе отырып, нақты әрі нәтижелі жұмыс атқаруға шақырды.
МТ