Ауданда облыстық әйелдер конференциясы өтті

(0 Votes)

Бүгін Доссор мәдениет үйінде аудан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен “Әйелдер құқығын қорғаудағы конституциялық қағидаттардың рөлі” атты облыстық конференция өтті.

Шараға облыстық және аудандық мемлекеттік органдардың өкілдері, құқық қорғау құрылымдары, білім және денсаулық сақтау мекемелерінің мамандары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділері мен аудан кәсіпкерлері қатысты.

Конференцияны алдымен аудан әкімінің орынбасары Әсел  Қаржауова ашып, әйелдердің құқықтарын қорғау саласындағы конституциялық негіздерге тоқталды.

Одан әрі, конференция спикерлері “Адам құқығын қорғау - демократияның басты құндылығы”, “Конституция- отбасының, ана мен баланың кепілі“, “Әйелдердің құқықтарын тұрмыстық зорлықтан қорғау: заңнамалық негіздер мен практикалық шаралар“, “ Бақытты отбасы - бақытты ел” тақырыптарында баяндама оқып, Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген әйелдердің құқықтарын қорғау қағидаттары, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша ақпарат берді.

Сонымен қатар, конференцияның жарыссөзінде аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Роза Үмбетова сөз сөйлеп, «Әйел құқығы – отбасы мен ұрпақ болашағының кепілі» тақырында әнгіме өрбітті.

Шара соңында, мемлекеттіміздің гендерлік және отбасылық саясаттын қолдауға үлесі қосқан бірқатар азаматтарды облыс және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, конференция аясында жергілікті кәсіпкерлердің қолөнер бұйымдары, азық-түлік және нан өнімдерінің жәрмеңкесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

Ботакөз Асхатқызы

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT