Елорданың 25 жылдық мерекесіне орай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Ринат Хисаұлы көп балалы аналарға салтанатты түрде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыс етті.
ҚР Президентінің 2023 жылғы 24 мамырдағы №232 Жарлығымен аудандағы 5 ана «Алтын алқа» және 15 ана «Күміс алқамен» наградталды.
Шара барысында аудан әкімі аналарға жылы лебізін білдіріп, «Әр адамның арманы - баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты болсын»,- деп тілегін білдірді.
Айта кетейік, жеті және одан да көп бала тәрбиелегені үшін “Алтын алқамен”: Гаухар Дарқұлова, Эльмира Жатимова, Айсұлу Қасанғалиева, Қарлығы Рахмеденова, Гүлбаршын Неталы марапатталса, алты бала тәрбиелегені үшін “Күміс алқаға”: Бибігүл Қанатбаева, Айман Бишекина, Бибігүл Ахметова, Жазира Бижанова, Амангүл Ғұмарғалиева, Әлия Ерғалиева, Бақтыгүл Жұмағалиева, Марта Избанова, Айнагүл Қабасова, Нұржамал Қалыбекова, Эльмира Қитасова, Әсел Мәулембердиева, Шаркат Нұрбаева, Дина Тілегенова, Анжелла Өтегенова ие болды.
Жиында көпбалалы аналар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, «Күміс алқа» иегерлері алдағы уақытта «Алтын алқаға» да қол жеткізетіндерін айтып, елдің тыныштығына шүкіршілік білдірді.
М.Серікқызы