Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Президент атап өткендей, қазір жаһандық бәсекелестік артып, әр ел капитал мен жаңа технология үшін күрес жүргізіп отыр. Сондықтан Қазақстан үшін инвестициялық саясатты жетілдіру – уақыт талабы.
Бұл бағытта аймақтарда да нақты жұмыстар атқарылуда. Ауданымызда өндіріс пен шағын кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік нысандардың сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, жергілікті инфрақұрылымды дамыту және заңдық рәсімдерді жеңілдету шаралары қарастырылуда.
Жаңа инвестициялық жобалар іске асқан жағдайда аудан экономикасы жаңа серпін алып, халықтың тұрмыс сапасы жақсара түспек.
Г.Атабаева,
аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы