Доссорлық жалғызбасты ананың үйі жылу жүйесімен қамтылды

(0 Votes)

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.

Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Билік басшылары алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікір­ді міне, осы екі ауыз сөзге сый­ғы­зуға болады. Бізді қуантатыны, ай­тыл­­ған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр.

Осыдан бір ай бұрын Доссор кентіндегі Ш.Еркешов көшесінің тұрғыны Сәуен Үлекешова аудан әкімінің қабылдауына көмек сұрай келген болатын.

kotiol-3

Біраз жылдан бері үйін қарапайым қабырғалы пеш арқылы жылытып жүрген жалғызбасты ана заманауи жылыту қазандығымен қоса үйіне толықтай жылу жүйесін жүргізіп беруін өтініп, қолқа салды.

Тұрғынның үніне құлақ асқан аудан әкімі Шәкір Кейкин жауапты тұлғаларға мәселені шешу үшін жұмыстануға тапсырма берді. Бір ай ішінде кент әкімі Болат Ермеков кәсіпкерлердің көмегімен тапсырманы толықтай орындап, тұрғынның проблемасын шешіп берді.

Сәрсенбі күні бұл істі назардан тыс қалдырмаған аудан әкімі бастаған жауапты тұлғалар Сәуен Жұбатқанқызының шаңырағына барып, атқарылған жұмысты көзбен көріп қайтты. Табалдырықты аттай бергеннен шаңырақтың жылуын сезінген біздің де көңіліміз марқайып қалды.

kotiol-1

«Көптен қиындық туғызып келген мәселемді, үш күннің ішінде жасап берді. Әкімдердің ұйымдастыруымен, кәсіпкерлердің қолдауымен бүгінде үйіміздің іші жып-жылы. Қолдау танытқан барлық жандарға  алғысымды білдіремін. Бұл өзімнің қолымнан келмес еді. Мәселеме құлақ түріп, шешіп берген аудан басшыларына рахмет. Қызым үй кезегінде тұрған болатын, алайда ІІІ топ мүгедегі болғандықтан, кезектен шығарылды. Десе де осы жақсылықтың өзі біз үшін үлкен жеңілдік»,- деп көзіне жас алды алпыс жастағы Сәуен апай.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT