«Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі», - деген Доссор кентінің әкімі елді-мекендегі денсаулық сақтау саласының жағдайына да кеңінен тоқталды.
Кентте қазіргі таңда медициналық көмек көрсететін 1 аурухана және 1 өкпе ауруларға қарсы ауруханасы бар. Оларда 17 дәрігер мен 70 мейірбике қызмет етеді. Алайда, кентке тағы 3 білікті дәрігер (окулист-1, лор-1, эндокринолог-1) қажет, - деді әкім.
Айта кетейік, кентте 2020 жылы 72 адам өлімі тіркеліп, 236 сәби дүниеге келген, 2 нәресте шетінеген.
"МТ"
Сурет: ашық дереккөз