Бүгін 20 қаңтар күні әкімдердің есеп беруі Бәйгетөбе ауылдық округінде жалғасуда.
Бәйгетөбе мектеп балабақша кешенінің акт залында өтіп жатқан жиналыс барысында округ әкімі Қонысалы Төлеуов ауыл шаруашылығы саласына кеңінен тоқталды. Округ бойынша мал бастарының тізімі жасақталып, ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру базасына енгізілген.
"Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша мүйізді ірі қара – 399, жылқы – 242, түйе – 104, қой – 634, ешкі – 281 және құс саны – 260 құрайды",- деп атап өтті Қ.Төлеуов.
"МТ"