Доссорда ұрлық көбейіп тұр

(0 Votes)

Доссор кентінде 2020 жылы 29 қылмыс тіркелген. Бұл туралы Доссор кенті әкімі Болат Ермеков халыққа есеп беру жиынында айтты.

Өткен 2020 жылы кентте 2 адам өлтіру, 4 алаяқтық, 4 есірткі заттарын тасымалдау және 19 ұрлық қылмысы орын алған.

Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмаған 40 жасөспірімге 442-баптың 2 бөлігі бойынша хаттама толтырылған.

whatsapp-image-2021-01-19-at-16_07_36

Б.Ермеков өз баяндамасында санитарлық тазалықты бұзған, белгіленбеген жерлерге қоқыс төгушілер мен көшеге лас су төккен автокөлік жуушылар бойынша 218 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті.

Қазіргі таңда Доссор кенті полиция бөлімшесінде 19 бірлік штат болса, оның 6 бірлігі бос тұр.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT