Депутаттардың араласуымен мәселе шешімін тапты

(0 Votes)

«Әрбір арыздың артында адам тағдыры, ондаған, тіпті жүздеген адамның мүддесі тұр» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқанындай, халық пен билік арасындағы көпір іспеттес аудандық мәслихат депутаттары келелі мәселелерге қозғау болып жүр.

Мәселен, мамыр айының басында өткен аудандық мәслихаттың ІІ сессия отырысында аудандық мәслихат депутаты Әділбек Нұрманов Мақат кентіндегі сапасы сын көтермей тұрған ойын алаңшалары туралы мәселе көтерген еді.

Депутаттың айтуынша, балаларға арналған ойын алаңдарының тозығы жетіп тұр. Әрі техникалық қауіпсіздік ережелері де сақталмаған көрінеді. Сессия отырысында Мақат кенті әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ерлан Нұрғанға аталған кемшіліктерді жою бойынша тапсырма жүктелген болатын. Бүгінгі күні ескертпелер дер кезінде жөнделіп, депутаттың сауалынан кейін тиісті жұмыстар қолға алынды.

Сондай-ақ, Доссор кентінде де көптен бері шешімі табылмай жүрген мәселе аудандық мәслихат депутаттарының араласуымен жөнделді.

Тарқатып айтар болсақ, кенттегі Х.Аухатов көшесі тұрғындарының өтінішіне орай, жаяу жүргіншілер жолындағы газ тұрбасының кедергісі қалыпына келтірілді. Түйіткілді мәселенің оң шешімін табуына «Доссормұнайгаз» МГӨБ және аудандық газ шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері үлесін қосты.

Осылайша халық қалаулылары өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешімін табу үшін жұмыстанып келеді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT