Дәрігерлер марапат төрінде

Дәрігерлер марапат төрінде
(0 Votes)

Бүгін Доссор мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті.

Салтанатты шарада аудан әкімі Азамат Мәмбетов барлық медицина саласының қызметкерлерін атаулы мерекемен құттықтап, ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар сала мамандарына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің “Құрмет” грамотасы мен аудан әкімінің арнайы алғыс хатын табыс етті.

Құттықтаулар легін одан әрі ауданның денсаулық сақтау саласының ардагері Ахметжан Сарыұлы мен аудандық орталық аурухана меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы Рысгүл Тайшекенова жалғап, ізгі тілегін жолдады.

Салтанатты шара соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Ботакөз Асхатқызы

Суреттер автордікі

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT