Дәрігерлер – марапат биігінде

Дәрігерлер – марапат биігінде
(0 Votes)

 Аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік салтанатта алдымен сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Жайкин сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Ол тәжірибе мен білімдерін ұлт саулығына арнаған бір топ қызметкерлерге гүл шоқтарын ұсынып, аудан әкімінің арнайы Алғыс хатын табыс етті. Атап айтқанда аудандық орталық аурухананың офтальмолог дәрігері Зубайда Зикиряева, қабылдау бөлімінің мейірбикесі Әсемгүл Қанатбаева, Доссор селолық ауруханасының рентген лаборанты Сәнияш Серікбаева, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Қабдолова, орталық аурухананың перзентхана акушері Жұма Дюсалиева, Доссор селолық ауруханасының стоматолог дәрігері Түгелбай Жайлыбаев марапат биігінен көрінді.

Кейін сахна төріне көтерілген аудандық мәслихат төрағасы Азамат Шаңғалаев ақ халатты абзал жандарға ізгі лебізін жолдап, аудандық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен марапаттады. Олардың ішінде Доссор селолық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері Айсұлу Өтесінова, аудандық орталық аурухананың жалпы мейірбикесі Жанар Артықбаева, Доссор селолық ауруханасының күндізгі бөлім мейірбикесі Жаңыл Төлеуғалиева, аудандық орталық аурухананың мейірбикесі Балхаш Карина, Доссор селолық ауруханасының фельдшері Сәлима Тәжібаева бар. Одан бөлек, аудандық аурухананың басшысы Рысгүл Тайшекенова сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ардагер дәрігерлерге арнайы құрмет көрсетті.

Салтанатты шара ауандық көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521