Тегін жолдама, көңілді каникул

Тегін жолдама, көңілді каникул
фото: Х.Санбаев атындағы орта мектебінен алынды
(0 Votes)

 Міне, әне-міне дегенше оқу жылы аяқталып, жаздық демалыс та басталды. Мектеп оқушыларына үш айға созылатын демалысты барынша қызықты әрі тиімді өткізу қажет. Өз кезегінде білім беру ұйымдарында жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Ауданымызда маусым айының үшінен бастап екі ауысым бойынша жазғы лагерь өтіп жатыр. 

Жалпы, аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты 8 орта, 1 бастауыш мектеп бар. 2023 – 2024 оқу жылында 9 мектеп бойынша 6048 оқушы аяқтады. Оның ішінде 1-10 сыныптар бойынша 5835 оқушы жаздық лагерьмен қамтылуы тиіс.

Ал маусым айының үшінен бастап 9 мектеп жанынан тамақтандыратын жазғы тынығу лагері ашылды. Жазғы сауықтыру лагерінің балаға пайдасы ұшан теңіз. Онда балалар дербестікке, өз-өзіне қарауға, шешім қабылдауға үйренеді. Жаңа ортада қарым-қатынас орнатуға, қоғаммен араласуға, айналаны тануға мол мүмкіндік алады.

Оларға 635 баланы қамтумен 9 тамақтандыратын лагерьдің жұмысы 8 мектепте ІІ кезеңге және 1 мектепте І кезең бойынша ұйымдастырылуда. А.Құнанбаев атындағы орта мектебі 15 балаға және Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешені 15 балаға шатырлық лагерьлер ашылды. Осы ретте, мектептердегі осал топ санатына жататын отбасылардың 393 баласы түгелдей демалту – сауықтыру шараларымен қамтылатындығын мәлімдейді аудандық білім бөлімінің үйірме әдіскері Дулат Ғалымжанұлы.

Сонымен қатар, жалпы орта білім беретін мектептер жанынан 3910 баланы қамтумен 31 тамақтандырусыз (бейіндік, дебаттық, тілдік және ІТ) лагерьлер ашылды. Оның ішінде 2550 баланы қамтумен 8 бейіндік лагерь, 380 баланы қамтумен 8 дебаттық лагерь, 800 баланы қамтумен 8 тілдік лагерь және 180 баланы қамтумен 6 IT лагері бар. Бұл өз кезегінде балалардың қабілетін ұштауға әрі жан-жақты дамуына мол мүмкіндік береді.

Жалпы орта білім беретін мектеп жанынан 8 көгалдандыру тобына 400 балаға және құрылыс – жөндеу топтарына 322 балаға ұйымдастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, жалпыға міндетті білім беру қорынан (қосымша қаражат қарастыру арқылы) 120 балаға қала сыртындағы лагерлерге жолдама бөлу және тарихи – өлкетану бағытында ауданның, облыстың мұражайларына, мәдени–көрікті жерлеріне, тарихи маңызды естелік орындарына 500 оқушыға бір күндік экскурсия ұйымдастырылған.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жазғы мектептеріне 8 мектеп жанынан 300 бала қамтылып, уақытты пайдалы өткізуде.

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521