Бұл күн — халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке

(0 Votes)

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл ата заңымызға 25 жыл толып отыр. Бұл күн — халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке.

Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді.

Конституцияда атап көрсетілген мемлекеттік басқару жүйесі негізгі реформаларды жедел қарқынмен жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды.

Сондықтан, егемен еліміздің барлық жетістіктері — бұл Конституцияның және соның негізінде қабылданған заңнаманың іс-әрекетінің нақты жемісі.

Ата Заң — біздің барлық құқықтық мәдениетіміздің қайнар көзі, асыл қазынамыз. Сондықтан, оны ардақтау еліміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.

Баршаңызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеймін.

Шәкір КЕЙКИН,
аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT