Бөлімге жаңа басшы тағайындалды

(1 Vote)

Аудан әкімдігінің  кіші мәжіліс залында жаңа тағайындауға байланысты жиын өтті. Аудан әкімі Шәкір Кейкин  бұған дейін Мақат ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы болған Жұмағалиева Жанат Қайролдақызын лауазымынан босатып, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындады.

Жұмағалиева Жанат Қайролдақызы

1981 жылы Мақат кентінде дүниеге келген. 2005 жылы Атырау мұнай және газ институтының мұнай және газ саласындағы ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша сонымен қатар, 2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқық және экономика инженері мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2000-2009 жылдары төтенше жағдайлар департаментінен бастаған.

2011-2012жж аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы;

2012-2013жж тарих пәнінің мұғалімі, кейін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2013-2019жж аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы; жалпы бөлімінің бас маманы; азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы;

2019 жылдың қараша айынан бастап аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы;

Аудан әкімінің 2020 жылдың 26 ақпандағы №59-ө өкімімен «Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жанұялы.

"МТ"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT