“Ақылды бағдаршамдар”: Атырауда жол қозғалысын реттеу үшін ЖИ қолданылуда

“Ақылды бағдаршамдар”: Атырауда жол қозғалысын реттеу үшін ЖИ қолданылуда
(0 Votes)

Атырауда жол қозғалысын басқару мақсатында “ақылды бағдаршамдар” жобасы іске асырылуда. Бұл жүйе заманауи технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, көлік ағынын тиімді реттеуге бағытталған.

Қазіргі уақытта бағдаршамдар сынақ-тестілеу режімінде жұмыс істеп тұр. Осы кезеңде қала тұрғындары тарапынан кейбір қиылыстарда қосымша бағыттауыш жасыл жебелер мен «жасыл плюс» сигналының болмауына қатысты ұсыныстар мен ескертпелер түсіп жатыр.

Сондай-ақ,  қосымша бағыттауыш жебелерді орнату жұмыстары жоспарланған. Тұрғындардан түскен барлық ұсыныстар Атырау қаласы әкімдігі мен Қалалық полиция басқармасы тарапынан ескеріліп, тиісті шаралар мердігер ұйыммен бірлесіп жүзеге асырылады.

Айта кету керек, қала ішінде барлығы 78 бағдаршам орнатылған. Оның ішінде Азия бетінде - 42, оның ішінде 3-і жаяу жүргіншілерге арналған, ал Еуропа бетінде - 36, оның ішінде 2-і жаяу жүргіншілерге арналған. Жоба аясында 160 мыңнан астам дерек жүйеге енгізіліп, арнайы талдау алгоритмдері арқылы көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысын оңтайландыру көзделуде.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT