Қазақстанда спам-қоңыраулар мен алаяқтардан қалай қорғануға болады?

(0 Votes)

Егер телефоныңызға күмәнді қоңыраулар жиі түсіп жатса — бірден қорғанысты қосыңыз!

📱 Android-та:
«Телефон» қолданбасы → Баптаулар → Спамды анықтау және бұғаттау
(Samsung-та — Hiya Caller ID & Spam Protection)

📱 iPhone-да:
Баптаулар → Телефон → Белгісіз абоненттерді үнсіздендіру

📡 Қазақстан операторларының да сервистері бар:

Beeline — «Спамнан қорғау» (Tango Telecom және Eastwind жүйелері күмәнді қоңыраулар мен SMS-терді сүзгіден өткізеді)

Kcell/Activ — «Stop қоңырау» қызметі

Tele2/Altel — «Антиспам» қызметі


📲 Қосымша: Truecaller немесе Hiya сияқты қосымшаларды орнатыңыз — олар жарнамалық және алаяқтық қоңырауларды автоматты түрде бұғаттайды.

⚠️ Есте сақтаңыз: алаяқтар көбінесе бөтен нөмірлерді қолданады және жеке деректерді алдап алуға тырысады.
Күмәнді қоңырауларға жауап бермеңіз және жеке ақпаратты бөтен адамдарға айтпаңыз!
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT