Спорт – ұлт саулығы мен экономиканың қозғаушы күші

Спорт – ұлт саулығы мен экономиканың қозғаушы күші
(0 Votes)

Қазіргі таңда кәсіби спорт тек күш пен ептіліктің көрінісі ғана емес, сонымен қатар экономиканың маңызды саласына айналып отыр. Әлем елдері спортты денсаулық пен рухани сергектіктің қайнары ретінде ғана емес, үлкен қаржы айналымын қалыптастыратын табысты индустрия деп қарастырады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымды жетілдіру және жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мәселелеріне айрықша тоқталған болатын. Бұл – спорт арқылы ұлт саулығын нығайтып қана қоймай, елдің экономикалық әлеуетін арттыру, туризм мен медиа саласын жандандыруға жол ашады.

Демек, кәсіби спортқа қолдау көрсету – тек дені сау буынды қалыптастыру емес, сонымен бірге мемлекетіміздің халықаралық аренадағы беделін көтеріп, жаңа табыс көздерін қалыптастырудың тиімді тетігі.

 

Ә.Теңдібай,

спорт жаттықтырушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT