Әнімен талайды тамсандырған…

(0 Votes)

Аптаның сәрсенбісі күні аудандық мәдениет үйінде жергілікті әнші, жыршы-термеші, сазгер Алтай Сәрсенбаевтың «Әке тілегі» атты шығармашылық ән кеші болып өтті.

Кешті республикалық байқаулардың лауреаты, әнші жерлесіміз Бақытбек Сартбаев жүргізіп, кеш басы Алтай Алпысбайұлының «Туған жер» атты төл туындысымен ашылды.

3d0730bd-e8fb-4fce-8be6-829d2dce7ba2

18266c2a-99a4-4741-809d-3a8edb131382

ca5e7a4a-6bbc-4b74-bcf2-e62b93506fdc

Сондай-ақ, кеш иесі «Аяулым» әнін орындар кезде шаңырақ көтергендеріне тура 25 жыл толғанын баса айтып, жұбайы Нұргүлге шоқ гүлдерін ұсынып, ерекше сезіммен әнін орындап берді. Одан әрі сахна төрінде кеш қонақтары «Наурыз» тобы, өңірімізге белгілі өнерпаздар халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Мейіржан Қабдолов, Қазақстан Республикасы күйшілер одағының мүшесі, «Ерен еңбегі» үшін төс белгісінің иегері Жәнібек Жәмиев, республикалық «КТА» ойындарының жеңімпазы, әнші Қуаныш Кеңес және Айбек-Лена Сәрсенбаевтармен қатар, Алтай Сәрсенбаевтың ұл-қызы Нұрсәт пен Нұрай өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.

1f82281b-978c-4166-b6be-48b7e6d2990d

2f869e6f-87a5-44a1-9bb4-b3322ef97cf4

718a4357-153a-4aca-af57-c6101749144a

Сондай-ақ, концерт соңын кеш иесінің «Атырау» әнін өзімен бірге өнер жолындағы достары орындап түйіндеп берсе, Облыстық Халық Шығармашылығы Орталығының басшысы Жәнібек Қайратұлы арнайы келіп, өнердегі ағасына жүрек жарды лебізін білдірді. Одан әрі сөз алған аудан әкімінің орынбасары Азамат Жәмшебайұлы өнер иесін мерейлі жасымен құттықтап, аудан әкімі атынан арнайы алғыс хат табыстап, иығына дәстүріміз бойынша шапан жапты.

f6f6f6hg

afc426d0-6cf7-4365-8012-d41ea0e2b0a5

35fe300d-e9a7-49c1-840d-75b30b34f2dd

d5d5drt

r7u7u7f

 

Ә.ҚАСЫМ

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521