Таяуда Алматы қаласында муай-тайдан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын.
Дүбірлі додаға еліміздің 12 өңірінен 127 спортшы бақ сынаса, олардың қатарында доссорлық муайтайшылар Әбіл Галиев және Нұрлыбек Ордабаев болды. Сайыс нәтижесінде 63,5 келі салмақта Әбіл Галиев алтыннан алқа тағып, ел чемпионы атағына қол жеткізді. Ал 57 келіде Нұрлыбек Ордабаев ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Айта кетейік, жарыс жеңімпазы атанған Әбіл мамыр айында Тайланд елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
Жалпы Қазақстан муай-тай федерациясының 25 жылдығына орайластырылған ел чемпионатында Атырау облысы құрамасы қоржынға 1 алтын, 5 күміс және 3 қола жүлде салды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА