Кеше, 19 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады. Жасалған мәлімдемемен түбегейлі танысып шыққан болатынмын.
Онда ел Президенті Конституцияға сәйкес, Парламент палаталарының төрағаларымен, Премьер-Министрмен кеңесіп, Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойғандығын жеткізді. Одан бөлек, депутаттарға белсенді әрі жемісті жұмысы үшін, мәжіліс пен мәслихат депутаттары еліміздегі ауқымды реформаларды іске асыруға барынша атсалысқандығы үшін өз алғысын білдірді. Одан бөлек, жаңадан сайланатын депутаттар да жұмысты осы қарқынмен жалғастырып, еліміздің жан-жақты жаңғыруына ерекше үлес қосады деп сенім білдірген болатын.
Бұл әрине, дұрыс бастама. Себебі, 2022 жылдан бастап, мемлекетіміздің басқару жүйесі жаңғырып келе жатыр. Мұның бәрі ел игілі үшін жасалып жатқан оң өзгерістер деп білемін. Сондықтан, біз еліміздегі саяси жүйенің өзгеруіне қатысты бастамаларға қолдау білдіруге дайынбыз. Сонымен қатар, сайлау әділ өтіп, билікке халыққа шын жаны ашитын, олардың мұң-мұқтажын айтатын азаматтар келсе деген тілегіміз бар.
Ерғазы Жоламанов,
ауданның Құрметті азаматы