Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары, қоғам қайраткері Елена Тарасенко, ұлттық комиссия мүшесі, Атырау облысының кураторы, «SAMRUK-KAZYNA TRUST» қорының бас директоры Әлфия Әдиева және министрліктер бекіткен жауапты тұлғалар ауданға іс-сапармен келді.
Сапар барысында аталған Ұлттық комиссия өкілдері Отбасын қолдау орталығындағы аудандық әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері мен көпбалалы аналардың қатысуымен өткізілген “Бақытты ана - берекелі отбасы, қуатты қоғам” атты жиынға қатысты.
Жиынды алдымен аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова ашып, нәзік жанды арулардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында өлшеусіз үлес қосып жатқандығын жеткізді.
Одан әрі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары, қоғам қайраткері Елена Тарасенко сөз сөйлеп, әйелдердің қоғамдағы рөлі мен отбасы құндылықтарын сақтау мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар, ол өңірдегі әйелдердің әлеуметтік жағдайы, отбасы институтын нығайту және демографиялық даму мәселелеріне тоқталды.
Әрмен қарай, аудандық орталық аурухана директорының уақытша міндетін атқарушы Рысгүл Лекерова және Отбасын қолдау орталығының директоры Жанат Жұмағалиева баяндама жасады.
Сондай-ақ, кездесу барысында жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары, қоғам қайраткері Елена Тарасенкоға қойып, заң шеңберінде жауап алды.
Жиын соңында комиссия мүшелері аудандық “Отбасын қолдау орталығы” ғимаратын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Ботакөз Асхатқызы
Суреттер автордікі