Жуырда «Қазақстан медицина қызметкерлері» қоғамының ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау үздігі - 2025» республикалық байқауы өтті.
Аталмыш байқау еліміздегі үздік медицина саласының қызметкерлерін анықтап, кәсіби біліктілігін арттыруды мақсат етті.
Байқау еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген медицина қызметкерлерін жинап, олардың кәсіби білімдері мен дағдыларын бағалауға мүмкіндік берді. Байқауға қатысушыларға қойылған талаптар мен міндеттер өте жоғары деңгейде болды. Олардың арасында аудандық аурухананың мейірбикесі Салима Нығыметтің жұмысы үздік деп танылды.
Осылайша аудандық аурухананың мейірбикесі Салима Зинқызы «Үздік медицина қызметкері» номинациясын иеленіп, арнайы төсбелгімен марапатталды.
«Бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен өз ісінің шебері татанған ақ халаттылар қатысты. Республикалық байқауға аудан атынан шығып, өз жұмысымды көрсету мен үшін үлкен мәртебе. Бірнеше жылдар бойы жасалған тыңғылықты жұмыстың нәтижесінде үздіктер қатарынан көріндім. Бұл біздің өлкеміз де медицина саласының күннен күнге дамып жатқандығыныың айқын дәлелі болды»,-дейді номинациясының иегері Салима Зинқызы.
Ж.Қамза