Бүлдіршіндер музейге саяхат жасады

(0 Votes)

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған ашық есік күніне «Сандуғаш» балабақшысының «Айгөлек» және «Арай» тобының бүлдіршіндері саяхат жасады.

Балабақша бүлдіршіндері музей қызметкерлері дайындаған әртүрлі дидактикалық, танымдық ойындарды ойнап, музей экспонаттарымен жақын танысты. Әсіресе бүлдіршіндер музейдегі «Өлке табиғаты» және этнография залындағы экспонаттарға ерекше қызығушылықтарын танытты.

muzej-2-makat-makat-

Балабақша бүлдіршіндері тақпақтар айтып, ән шырқады. Шара соңында музей қызметкерлері бүлдіршіндерге естелік сыйлықтар ұсынды.
Балаларды қорғау күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мереке.
Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы мен мағынасы зор.

З.Сейілханова,
Сандуғаш балабақшасының тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521