1 маусым күні аудандық Жастар ресустық орталығында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХVIII республикалық еңбек маусымының ашылуы болып өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімі Ринат Хисаұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы Жандос Талғатұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанат Қайролдақызы және орталық басшысы Есімхан Табылдыұлы қатысты.
Шара барысында аудан әкімі Р.Ибрагимов «Жасыл ел» жасақтарына табиғат пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен бір кісідей жұмыс жасауға шақырып, алдағы еңбек маусымына сәттілік тіледі. Одан бөлек, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Жұмағалиева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды жастар саясатының ұйымдастыруымен өтетін әртүрлі шараларға белсене қатысып, атсалысуға шақырды. Шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.
Айта кетейік, биылғы маусымда 16 мен 29 жас аралығындағы NEET санатындағы 210 жас (оның ішінде көгалдандыру бағыты - 175, құрылыс бағыты - 35) жұмысқа тартылмақ.
Жалпы, «Жасыл ел» қозғалысы 2005 жылы елімізде кең қанат жайған болатын. Биыл міне, 18 жыл толып отыр. Жасылелдіктер елдің тек қана көгалдануы мен тазалығын сақтауға ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз - Қазақстанның өркендеуіне жауапты жаңа буынын тәрбиелеп, жастарды жұмыспен қамтуға, студенттердің патриоттық рухын көтеруге үлкен үлес қосып келеді.
Ә.ҚАСЫМ
Суреттер автордікі