Өңір басшысы кәсіпкерлермен кездесті

(0 Votes)

«Sultan Palace» қонақ үйінде облыс әкімі Серік Шапкеновтың өңірдегі шағын және орта кәсіп өкілдерімен ашық форматта кездесуі өтті.

Ауданымыздан бұл кездесуге аудан әкімі Ринат Ибрагимов, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ерлан Нұрған, аудандық Кәсіпкерлер палатасының басшысы Гүлназ Едігеева, жеке кәсіпкерлер Бағытжан Төлеуов, Генадий Биманов, Балтагүл Едігеева қатысып қайтты. Төрт сағатқа созылған кездесу ұзын-сонар баяндамаға емес, нақты сұрақ-жауапқа басымдық берілді. Кәсіпкерлер өз салаларындағы түйткілді мәселелер жөнінде ой қозғап, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Облыс әкімі қай проблеманы да жауапсыз қалдырмайтынын айтты. Өйткені, облысымыздың әлеуеті басқа өңірлерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Кәсіпкерлік саласында да жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін мәселелерді жүйелі тәсілдер арқылы шешуді атап көрсетті

Кәсіпкерлік саласында қалыптасқан проблемалар мен ұсыныстарды мұқият тыңдаған облыс әкімі әр мәселеге жеке-жеке тоқталып, тиісті жауабын берді. Аудандық «ҚазақстанныңФермерлерініңҚауым дастығы» аудандық филиалының және аудандық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Балтагүл Едігеева кездесуде өңір басшысына жоғалған 30 қойының ұрысы табылғанын, бірақ сотқа жетпей іс жабылғанын айтып, көмек сұрады. Кездесуден кейін 29 сәуірден бастап бұл іс қайта ашылып, тер геу жүргізіле бастады. Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан алдағы уақытта осындай жиындарды кәсіпкерліктің ішінде сала-саламен бөліп өткізуді ұсынды. Бұндай «ашық әңгіме» форматындағы кездесу тоқсан сайын ұйымдастырылатын болды.


Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT