Ауруханаға автокөлік сыйлады

(0 Votes)

Апта басында ауданымызға келген НКОК компаниясы өкілдері аудандық ауруханаға «Мерседес» маркалы реанимобильді автокөліктің кілтін салтанатты жағдайда табыстады.

Аудандық емхана алдына салтанатпен сап түзеген ақ халаттылармен бірге аудан активі, ардагерлер қатысып, демеуші компания өкілдерінің үлкен сыйына қошемет көрсетті. Шараға НКОК компаниясының кеңесшісі, облыстық мәслихат депутаты Серік Идранов арнайы келіп, биылғы жылы өңірдегі әлеуметтік қолдау мақсатында жұмыстарына 25 жыл толып отырғанын, бұл жолғы сапарында құны 37 млн. теңге тұратын көлікті табыстау қолдау шараларының жалғасы екенін айтты. Реанимобильдің іші жедел жәрдем қызметін атқаруға ыңғайлы ота үстелі, науқасқа арналған кереуеттен бөлек медициналық көмек көрсету талабына сай барлық құралдармен жабдықталған.

Халық денсаулығын жақсарту, сапалы қызмет көрсету мүмкіншіліктерін үйлестіруде жергілікті атқарушы орындар қолдауымен НКОК компаниясы тарапынан аудандық ауруханаға бұдан бұрынғы жылдарда да жедел жәрдем автокөліктері мен қатар, жаңа технологиялық үлгідегі медициналық аппараттармен қамтылып келеді. Бүгінде жалғасын тапқан әлеуметтік жобалар аясындағы демеуші компанияның қолдауына ризашылығын білдірген аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов медицина қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі. Жиынға қатысушылар алдында С.Идранов компанияның кезекті тартуы - автокөлік кілтін аудандық аурухана директоры Батырбек Оңдасыновқа салтанатпен табыстады.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521